Республика күні қарсаңында біздің мектептің акт залында 2 сынып оқушыларын "Жас Қыран"балалар ұйымының қатарына қабылдауға арналған мереке өтті. Оқушылар мерекеде балалар бірлестігі мүшелерінің ережелерімен, дәстүрлерімен, міндеттерімен танысты. Қабылдау шәкірттердің бірге айтқан антымен расталды. Ата-аналарының қатысуымен "Жас Қыран"балалар ұйымының төсбелгілері табысталды.