Ағылшын тілі апталығы аясында 5-сынып оқушылары үшін AI Quiz “Human vs Artificial Intelligence” тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — оқушыларды жасанды интеллект ұғымымен таныстыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, ағылшын тілі мен заманауи технологияларға қызығушылығын арттыру.
Викторина барысында оқушылар ағылшын тіліндегі сұрақтарға жауап беріп, адам мен жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін салыстырды, танымдық және логикалық тапсырмаларды орындады. Іс-шара қызықты әрі белсенді өтті.
