Бүгін таңертеңнен бастап мектебімізде ЕЖБ – яғни, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша онкүндік ресми түрде басталды! 

Алда оқушыларды қызықты да мазмұнды күндер күтуде: танымдық сайыстар, логикалық тапсырмалар, зияткерлік ойындар мен ғылым әлеміне саяхат!
Салтанатты ашылу барысында оқушылар мен ұстаздар математика, физика, химия, биология және информатика пәндерінің маңыздылығын тағы бір мәрте еске салды. 



