Кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында педагог-кәсіптік бағдар беруші Багинская Виктория Павловна 9-сынып оқушыларымен кәсіптік бағдарлау сабағын өткізді.
Сабақ барысында оқушылар өз болашағын саналы түрде таңдауға көмектесетін «Қалаймын — Қолымнан келеді — Қажет» сызбасымен танысты. Бұл тәсіл жеке қызығушылықтарды, қабілеттерді және еңбек нарығының сұранысын ескере отырып мамандық таңдауға бағыттайды.
Сонымен қатар, оқушылар «Мамандықты қалай таңдау керек» атты сауалнама толтырды. Сауалнама олардың кәсіби бейімділіктері мен қызығушылықтарын анықтауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, сабақ барысында кәсіптік бағдар карталарымен интерактивті ойын ұйымдастырылып, оқушылар өздерінің күшті жақтарын және өздеріне лайық қызмет салаларын анықтады.
Сабақ қызықты және мазмұнды өтті, оқушылар өздерінің кәсіби болашағы туралы ойлануға және өмірлік жолдарын саналы таңдауға мүмкіндік алды.
