Кәсіби бағдар беруші педагог Багинская В.П. 11-сыныпта «Еңбек және болашақ мамандықтар» атты тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар «Еңбек» сөзіне ассоциациялар құрастырды, болашақ мамандықтар туралы ой толғау тапсырмасын орындады, «Сен болашақ мамандықты таңдауға дайынсың ба?» атты кәсіби бағдар анкета сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ өздерінің «жетістік баспалдағын» құрды.