Жады мәңгі — «Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Ясная Поляна орта мектебі» КММ

Жады мәңгі

Жаналықтар
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында мектебімізде «Жады мәңгі» атты фотокөрме ұйымдастырылды.
Көрмеде Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қатысушыларының фотосуреттері ұсынылды – олардың өмірі ерлік пен жанқиярлықтың, Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің айқын үлгісі.
Бұл бейнелер – тірі тарих. Біз осы естеліктерді көзіміздің қарашығындай сақтап, өскелең ұрпаққа жеткіземіз.
Көрмені ұйымдастыруға атсалысып, құнды отбасылық мұрағаттарымен бөліскен жандарға зор алғысымызды білдіреміз.
Достармен бөлісу
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Ясная Поляна орта мектебі» КММ