Білім күні – кітаптар, гүлдер, достар, күлкі мен жарық мерекесі! Біздің мектептің есігі жаңа оқу жылын бастау үшін қайтадан айқара ашылды! Дәстүр бойынша Білім күніне орай мектебімізде салтанатты жиын өткізілді. Күнге күйіп, жақсы демалып келген барлық оқушылар қайтадан мектепке жиналды. Олар сыныптастарымен, сынып жетекшілерімен және сүйікті ұстаздарымен кездескеніне қуанды.
Түрлі-түсті гүлдер ұстаған сәнді оқушылар мен ұстаздар, ата-аналар акт залын толтырды. Бәрін салтанатты көңіл-күй мен осы үлкен мерекенің – Білім күнінің бір бөлшегі екеніңе деген мақтаныш сезімі биледі. Себебі әрқайсымыздың біліміміз – өзіміздің ғана емес, еліміздің де болашағы.
Салтанатты жиыннан кейін оқушылар мерекелік сынып сағаттарына аттанды. Олар көңілді сергіту сәтінен басталып, балалардың көңілін көтеріп, жаңа оқу жылындағы қызықты әңгімелер мен жаңалықтарға дайындыққа шабыттандырды.