Барлығына құқықтық білім беру — «Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Ясная Поляна орта мектебі» КММ

Барлығына құқықтық білім беру

Жаналықтар
12 қараша күні Тайынша ауданының «Ясная Поляна орта мектебі» КММ білім беру жүйесінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелеріне арналған құқықтық оқу өтті. Онда мынадай қызмет түрлері қарастырылды:
мектепке дейінгі жастағы (6 жасқа дейінгі) балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама алу үшін кезекке қою;
құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау;
ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша білім алуға арналған ұйымдарға құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;
негізгі орта және жалпы орта білім туралы құжаттардың көшірмелерін беру.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелері туралы «Гүлдер» шағын орталығының әдіскері Приходько Ксения Валерьевна мен мектеп хатшысы Козлова Елена Александровна баяндады.
Достармен бөлісу
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Ясная Поляна орта мектебі» КММ