Тілдер күніне орай 5-6 сынып оқушылары арасында «Ана тілім – ардағым» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жунусова Алданыш Карабаевна өткізді. Шара барысында оқушылар мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге бағытталған өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтты.